Умраңыз — қолыңыздағы телефонда

Мекке мен Мәдинада адаспай жүруге, умраны дұрыс орындауға және тобыңызбен байланыста болуға арналған тегін қосымша. Қазақ, орыс, ағылшын және араб тілдерінде.

Қосымшаны орнатуAndroid · тегін

Соңғы нұсқа тексерілуде…

Веб-нұсқаны ашу

Орнатусыз браузерде: карта, умра қадамдары, санағыш, намаз уақыты, Құран.

GoUMRA
Android-та қалай орнатамын?
  1. «Қосымшаны орнату» батырмасын басыңыз — APK файлы жүктеледі.
  2. Жүктелген файлды ашыңыз. Телефон «белгісіз қолданбаларды орнатуға» рұқсат сұраса — браузерге (Chrome т.б.) бір рет рұқсат беріңіз.
  3. «Орнату» басыңыз. Play Protect ескертсе — «Бәрібір орнату».
  4. GoUMRA-ны ашып, тілді таңдаңыз. Гид берген кодпен топқа қосылыңыз.

Телефоныңызға арналған жол:

  • Xiaomi / Redmi / POCO: «Белгісіз қолданбаларды орнату» > браузер > рұқсат. MIUI «қауіпсіздік тексеруі» шықса — «Бәрібір орнату».
  • Samsung: Параметрлер > Қолданбалар > Арнайы рұқсат > Белгісіз қолданбаларды орнату > браузер.
  • Huawei / Honor: Параметрлер > Қауіпсіздік > Қосымша > Белгісіз қолданбаларды орнату > браузер.
  • Oppo / Realme / OnePlus / Vivo: Параметрлер > Құпиялық (немесе Қолданбалар) > Арнайы рұқсат > Белгісіз қолданбаларды орнату > браузер.
  • Басқа телефондар: Параметрлер > Қолданбалар > Арнайы рұқсат > Белгісіз қолданбаларды орнату > браузер > рұқсат.

Файлдың түпнұсқа екенін SHA-256 сомасы арқылы тексеруге болады.

Қосымшада не бар

Карта және жол

Офлайн карта: Қағба, Харам, Пайғамбар мешіті, қақпалар мен қонақүй. Қонақүйден қажетті қақпаға дейін жаяу жол, дауыстық нұсқау, көлік режимі.

Карта және жол

Умра қадамдап

Миқаттан шаш алуға дейін 11 қадам: не істеу керек, дұғалар (араб мәтіні, транскрипция, мағынасы), ханафи мәзһабы бойынша ескертпелер.

Умра қадамдап

Тауап пен сағы санағышы

Айналымдарды есептейді, Қара тас сызығын көрсетеді. Әрқашан өзіңіздің санағыңыз шешеді — қосымша тек көмекші.

Тауап пен сағы санағышы

Топ және гид

Гидті картадан көру, жиналу орны, топқа хабарлама, «Мен адасып қалдым». Өз тобыңызды (отбасы, достар) өзіңіз құра аласыз.

Топ және гид

Құран және мусхаф

Танзил мәтіні офлайн, Мәдина мусхафының ресми беттері, сүрелер тізімі мен беттер бойынша оқу.

Құран және мусхаф

Азан және имамдар

Умм әл-Құра бойынша намаз уақыты, азан, Харамдағы бүгінгі имамдар (ресми кестеден, дереккөз сілтемесімен).

Азан және имамдар

SOS және отбасы

Бір басумен гидке SOS, араб тіліндегі көмек карточкасы, медициналық карта. Отбасыңызға уақытша сілтеме арқылы орныңызды көрсету.

SOS және отбасы

Умра бөліміндегі діни мәтіндер имамның тексеруінен өтуде (ҚМДБ).

Туристік агенттіктерге

Гид пен агенттікке арналған веб-панель: топтың картасы, SOS ескертулері, кім жиналу орнында (санақ), хабарламалар, Харам қақпаларының жағдайы, QR-кодтармен тіркеу және сапардан кейінгі есеп. Қажылардың орны тек олардың келісімімен және сапар уақытында ғана көрінеді.

Панельге кіру

Туристік агенттіктерге

Құпиялылық

Орын тек сіздің келісіміңізбен жіберіледі. Деректер сапар біткен соң 7 күннен кейін жойылады (ең көбі 30 күн). Келісімнен бас тартсаңыз — орын тарихыңыз дереу өшіріледі.

Құпиялылық және лицензиялар →